Голштинская порода – самая рекордная по производительности. Зафиксирован рекорд 110 литров молока в сутки.
FRESH MILK САПА ӘЛЕМІ
Бұл сайт сүт өнімдерінің сапасы мен пайдалылығын бағалайтын жандарға арналған. Мұнда сіз жаңа FRESH MILK сапа стандарты туралы толық ақпарат ала аласыз. Енді ең лайықты сүт өнімдерін дұрыс таңдау әлдеқайда оңай болады.
FRESH MILK дегеніміз не?
FRESH MILK – табиғи және денсаулығыңызға пайдалы өнімді сатып алатыныңызға кепілдік беретін сапа стандарты. Қаптамадағы FRESH MILK белгісі мұндай өнімнің антибиотиктер, консерванттар және өсімдік майлары қосылмаған іріктелген сүттен дайындалғанын білдіреді.
САПА
СТАНДАРТТАРЫ
FoodMaster компаниясында сүтке өте ұқыпты қарайды, оны өндірістің барлық циклі бойы мұқият қадағалайды, бұл оның алғашқы сапаларын сақтауға мүмкіндік береді.
Сүт жинау сәтінен бастап дүкен сөрелерінде дайын өнім пайда болғанға дейін суық тізбек қағидаты әрекет етеді.
Өз фермаларынан басқа, компания тексерілген фермерлік шаруашылықтармен жұмыс істейді, олардың деңгейі ең жоғары талаптарға сәйкес келеді.
Компанияның Қазақстандағы сүт жинайтын 200-ден астам сүт қабылдау пунктін біріктіретін ең ірі желісі бар.
Барлық малға жайлы жағдай жасалған, үнемі ветеринарлардың бақылауында.
Компанияның көлемі 13 000 га тең өз алқабында азық өсіріледі, олар сүттің сапасына, дәміне және мөлшеріне жағымды әсер етеді.
Экспресс-жабдық жиналған сүттің сапасын белгілі бір өлшемдер бойынша бірден фермерлік шаруашылықта бағалауға мүмкіндік береді.
Зауыттарға сүтті тез арада жеткізу үшін жолға кететін уақытты айтарлықтай қысқартатын ыңғайлы көлік желісі әзірленді.
Зауытқа түскен кезде сүт міндетті 17 талдаудан өткізіледі.
Өнімді дайындау сүтті сыртқы ортаның әсерінен және адаммен жанасудан қорғайтын зарарсыздандырылған ыдыстарда жүргізіледі.
Сапа белгісі бар өнім
FoodMaster айраны, сүті, йогурттары, сондай-ақ President сүзбесі мен қаймағы FRESH MILK сапа стандартымен белгіленген, бұл оларды өндіру үшін жоғары сапалы сүттің пайдаланылғанына кепілдік береді.
Пайдалы
кеңестер
«Қауіпсіздігі ешқандай құжаттармен расталмаған жеке сатушылардың құйып сататын сүті халық арасында жоғары сұранысқа ие екені қызық.»